Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шыңғыс ханның 8 ережесі

14.11.2026, 7:00 27

HALYQLINE.KZ

Талай ғасыр бұрын жарты әлемді билеген ұлы билеушілердің бірі Темүжін — Шыңғыс ханнан қалған өмірлік сабақтар мен пайдалы кеңестер.

Ғалымдардың бағалауынша, Шыңғыс хан – мың жылда бір туатын ұлы тұлғалардың бірі. Ол реформатор әрі өте дана билеуші болған. Шыңғыс хан ерте заманда өмір сүрсе де, оның тарихтағы ықпалы күні бүгінгі дейін сақталып келеді.

Шыңғыс хан өз заманының лайықты перзенті болды. Ол қатыгез, бірбеткей, көреген еді. Көршілес елдердің талайын білек пен қылыштың күшімен бағындырды. Алайда оның қайтпас жігерін, ұйымдастырушылық қабілетін, өзіне сенімін және мақсатшылдығын жоққа шығаруға болмайды.

«Соққыны бірінші боп бер де, ешқашан жарты жолда тоқтама!» — көшпенділердің заңы осындай болған деседі.

Алайда Шыңғыс хан дәуірінен көкейге түюге болатын өмірлік сабақтар баршылық. Қатал, бірақ ұлы билеушіден нені үйренуге болады?

1. «Қорықсаң — істеме, істесең — қорықпа, ал істемесең — құрисың!».

Ұлы қолбасшы Шыңғыс хан бастаған ісін әрдайым соңына дейін жеткізуге ұмтылған. Егер жоспар мен арманың болса, оны жүзеге асыруың керек. Үнемі қорқып, сақтана беруге болмайды.

Біз ойлану мен күмәндануға тым көп уақыт жұмсаймыз. Әрекет ететін уақыт келгенде, қайсар көшпендідей батыл қадам жаса. Тамырыңда қайнап тұрған жігермен алға ұмтыл. Ештеңеден және ешкімнен қорықпа!

2. «Шибөрілердің арасында бірінші болғанша, қасқырлардың арасында соңғы болған артық».

Өмірде кіммен араласатыныңды, кіммен достасып, бірге жұмыс істеп, уақыт өткізетініңді таңдау қажет. Бұл жерде дұрыс таңдау жасау өте маңызды.

Өзіңнің орның қасқырлардың арасында болса, шибөрілердің ортасында болуға тырыспа. Әрдайым мықты, қайсар әрі шынайы адамдарға ұмтыл. Олар сені қабылдамайды деп қорықпа. Ниетің таза болса, өз орныңды табасың. Мықты адамдардың ортасында жүрсең, өзің де өсесің. Ал әлсіз әрі ниеті бұзық адамдар сені төменге тартады.

3. «Бейбіт кезде жуас бұзаудай болыңдар, ал соғыс кезінде аштықтан көзі қарауытып, жемтігіне ұмтылған қырандай болыңдар».

Мықты адамдар күш-қуатын болмашы нәрселерге жұмсамайды. Олар бос әуреге салынбайды, орынсыз жанжал іздемейді және күнделікті өмірде өздеріне қиындық туғызбайды.

Алдыңда мақсат пен жоспар болса, уақытыңды ұсақ-түйекке сарп етпе. Шағымдарға, сынға, мазаққа, өсекке және өзгелердің орынсыз шабуылына мән берме.

Әрбір болмашы нәрсеге назар аудара берсең, мақсатыңа ешқашан жете алмайсың. Бірақ шын мәнінде күресетін сәт келгенде, қырандай қайрат таныт!

4. «Мен — Құдайдың қаһарымын. Егер сендер өлімге лайық күнә жасамаған болсаңдар, Құдай менің бейнемде сендерге жаза жібермес еді!».

Нағыз қайсар адам бол. Сен ойыншық та, әлсіз бала да емессің. Сен — күрескерсің.

Маңызды мәселеге келгенде, мақсатыңа берік болып, табандылық таныт. Моңғол атты әскері секілді алдыңнан шыққан кедергілерді еңсеріп, мақсатыңа қарай ұмтыл.

Жолыңда әртүрлі кедергі жолығар. Ол мансапқа да, жеке өмірге де, махаббатқа да қатысты болуы ықтимал.

5. «Мас болған адам жаман істерге барады, кісі өлтіреді, жанжалдасады. Шарап адамды өзі білетін нәрседен және меңгерген өнерден алыстатады. Ол адамның жолына перде болып, ісіне кедергі келтіреді».

Ішімдік, темекі, есірткі, жалқаулық және компьютерге тәуелділік — қазіргі заманда кең таралған зиянды әдеттер. Әрбір зиянды әдет сені мақсатың мен арманыңнан алыстатады. Олар жолыңдағы еңсеруі қиын кедергіге айналады.

Өзіңе артық бөгет пен қабырға тұрғызба. Онсыз да алдыңда еңсеруді қажет ететін кедергі жеткілікті.

6. «Үш данышпанның пікірімен келісілген сөзді кез келген жерде қайталауға болады, ал ондай келісім болмаса, оған сүйенуге болмайды».

Айтқан сөзіңе мұқият бол. Қазіргі адамдардың көбі тым көп сөйлеп, орынсыз әңгімеге әуес. Бірақ сен олай болма.

Нағыз күрескер әрбір айтқан сөзіне жауап бере алады. Ол орынсыз сөйлеп, бос сөзге уақыт жұмсамайды. Сөзің жай ғана дыбыс емес, салмағы бар ой болсын. Аз сөйлеп, көп іс тындыр!

7. «Саяхатта жүргенде жаңа адамдармен танысып, өзіңе беймәлім жерлерді ашудан артық құндылық жоқ».

Шыңғыс хан көршілес елдерге жорық жасап, көп елді бағындырған. Өмірдегі ең үлкен қуаныштың бірі — саяхаттау. Саяхат адамның дүниетанымын кеңейтіп, өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Ол бәрін басқаша қабылдауды үйретеді.

Бейтаныс елдер, қалалар, мәдениеттер, дәстүрлер мен адамдар… Өмірдің мәні тек жетістіктермен емес, бастан өткерген оқиғалармен және саяхаттармен де өлшенеді. Уақыт өте келе есіңде қалатын ең қымбат естеліктің бірі — көрген жерлерің мен жолықтырған адамдарың болады.

8. «Менің ықтиярыммен шексіз далада қып-қызыл боп батқан күннің шапағында жүзіп бара жатқан тірі ағындағы жылқының тұмсығы мен адамның жүзіне қарап ойға батам: осы ағынның ішінде мен қайдамын?».

Бес күн жалған. Пенде ғұмыр өткінші. Бүгін маңызды әрі мәнді болып көрінген дүние ертең қажетсіз боп қалады. Өзіңе және өміріңе сырт көзбен қарауды үйрен. Бәріміз өмір ағысымен жүзіп келеміз. Бірақ көбіміз болып жатқан жайттардың мәніне терең үңіле бермейміз. Бір сәтке тоқта. Асықпа. Өмірдің соңынан қуып, өзіңді жоғалтып алма. Өмірдегі өз орныңды тап!

Ең басты түйін: батыл бол, мықты

Аударған  Шынар  ӘБІЛДА

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: