Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық термешілер байқауы өтті

11.11.2026, 11:50 49

HALYQLINE.KZ

Ақын, сазгер, жыршы-термеші Бекұзақ Тәңірбергеновтің шығармашылығын насихаттау, рухани мұрасын ұлықтау және жас ұрпаққа өнеге ету мақсатында «Аралым – айдын шалқарым» атты облыстық термешілер байқауы өтті. Бұл туралы Арал аудандық мәдениет үйі хабарлады.

Байқау Ақбасты ауылдық клубының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде өткізіліп, өнер додасына облыстың әр өңірінен 9 үміткер қатысып, бақ сынады.

Іс-шара барысында ақынның көзін көріп, сыйлас болған замандастары мен өнердегі достары жүрекжарды естеліктерімен бөлісіп, ақын мұрасының маңызына тоқталып, ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ балалары мен туыстары қатысып, рухани іс-шараның мазмұнын арттыра түсті.

Қатысушылар Бекұзақ Тәңірбергеновтің шығармаларын орындап, жыр-терме өнеріндегі шеберліктері мен орындаушылық қабілеттерін ортаға салды. Байқау барысын арнайы құрылған қазылар алқасы бағалап, қатысушылардың өнеріне кәсіби тұрғыда баға берді.

Байқау қортындысына келсек, Бас жүлде Қармақшы ауданынан Көшеней Байболға бұйырса, І орынды аралдық Мүлкіманқызы Айәсем, ІІ орынды жалағаштық Ахметов Думан иеленіп, ІІІ орынды Көкен Өскенбай (Жаңақорған ауданы) және Әбілхан Асылзат (Қазалы ауданы) өзара бөлісті. Ал, «Жақсан жырау» атындағы арнайы жүлдемен Сейілхан Дәулет (Арал ауданы), «Бекұзақ Тәңірбергенов» атындағы арнайы жүлдемен Есебай Өміртай (Қызылорда қаласы) марапатталды. Байқаудың алғыс хаты Оңғаров Мағжан (Қазалы ауданы) мен Қызылорда қаласынан келген Олжас Жұмажанға бұйырды.

Бекұзақ Тәңірбергеновтің шығармашылығын дәріптеген өнер байқауы ұлттық жыр өнерін ұлықтап, рухани мұраны ұрпақ жадында жаңғыртуға бағытталған тағылымды іс-шара болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: