Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемеде қызметкерлердің жеке автокөліктерінің құжаттары тексерілді. Іс-шара жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Halyqline.kz.
Профилактикалық шараға Қызылорда қалалық полиция басқармасының 4-взвод командирі, полиция капитаны Нариман Әбдікалықов пен полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Абзал Молдабаев қатысты.
Тексеру барысында мекеме қызметкерлеріне тиесілі автокөліктердің құжаттары қаралып, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар көлік құралдарының техникалық жарамдылығын бақылау және жолдағы жеке қауіпсіздік талаптарын орындау мәселелеріне назар аударылды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай профилактикалық шаралар қызметкерлер арасында жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға және ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!