БҮГІНГІ САТИРА
(18-ге толмағандар оқымайды…)
Демеңіздер бұрыс айтты,
Президентіміз дұрыс айтты!
Қазақ аудармасы оңбай жүр,
Мейлі жыла, мейлі күл,
Миыма менің қонбай жүр:
Балконды қылтима дейді,
«Балкон балкон ғой» десең,
Әй, жыртима дейді,
Капустаны қырыққабат дейді,
Қызанаққа араластырып,
Туған күнде салат жейді…
Ал мынаусы ең шатақ,
Баклажаны – жертатақ,
Душ – себезгі,
Бізге қандай атақ?
Менде де бар перевод,
Тыңда роднойым,
Ішім– от,
Какраз вот:
Самолетті ұшақ дейді,
Туалетті тышақ дейді,
Телефон – сөйлефон,
Самоварь – қайнавар,
Пепельница –
Қақырница,
Түкірница,
Курица қыт-қыт,
Улица – зыт-зыт,
Барабан – дың дың,
Девушка – зың-зың,
Бабаяга – енеяга,
Каспий банк –
Ақшалы танк,
Танк екені анық!
Привычка – әдетичка,
Массаж – уқалаж,
Кредит –жабысқақ бит,
Водка –кәйіподка
Лодка – қайықодка,
Осылай кете береді,
Біреулер: «Ой, ұятсыз!» деп,
Нете береді…
Біреу бірдеңе шығарса,
Жете береді…
Енді кімге жағайын,
Мейлі, есіріңдер,
Артық айтсам, ағайын,
Извините, кешіріңдер…
Мұхтар ШЕРІМ.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!