Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыл маусымы: аудан әкімі әлеуметтік нысандарды аралады

09.11.2026, 8:40 20

HALYQLINE.KZ

Жаңақорған ауданының әкімі Жарқынбек Ғалымжан жылу беру маусымының өту барысымен танысу және жылумен қамту мәселелерін пысықтау мақсатында Жаңақорған кентіндегі бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Алдымен қатты отын жеткізуші оператор «BEST» ЖШС-нің көмір қорымен танысты. Қазіргі уақытта кәсіпорын қоймасына 5 877 тонна көмір жеткізілген.

Аудан басшысы тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше назар аударып, жауапты бөлім басшысы Нұржан Сүлейменовке қатты отын бағасының белгіленген шектен негізсіз қымбаттауына жол бермеуді және баға тұрақтылығын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Бұдан бөлек, Сунақата, Екпінді және Сүттіқұдық ауылдық округтеріне барып, білім беру ұйымдары, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелерінің жылыту қазандықтары мен жылу жүйелерінің жай-күйін тексерді.

Аралау қорытындысымен жауапты сала басшыларына әлеуметтік нысандардың жылу жүйелерінің үздіксіз әрі тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: