Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ташкентте жаппай уланған қазақстандық жас футболшылар елге оралды

06.11.2026, 12:00 62

Өзбекстан астанасында өткен халықаралық футбол турнирі кезінде уланып, ауруханаға түскен қарағандылық жас спортшылардың барлығы емделіп, Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Бұл туралы Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі мәлімдеді. Дипломатиялық өкілдіктің хабарлауынша, екі елдің денсаулық сақтау министрліктері бірлесіп жұмыс жүргізіп, балаларға қажетті медициналық көмек көрсетілген. Дәрігерлер олардың жағдайы жақсарғаннан кейін ауруханадан шығаруға рұқсат берген.

Еске салайық, Қарағанды облысынан барған жас футболшылар 28 қазан мен 2 қараша аралығында Ташкентте ұйымдастырылған Dostlik Cup 2026 халықаралық турниріне қатысқан. Жарыс барысында бірнеше баланың денсаулығы күрт нашарлап, олар медициналық мекемелерге жеткізілген. Ата-аналар балалардың сырқаттануын қонақүйде берілген тағаммен байланыстырғанымен, уланудың нақты себебі әзірге түпкілікті анықталған жоқ.

Оқиғадан кейін Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі зардап шеккен балалардың ата-аналарымен, дәрігерлермен және екі елдің құзырлы органдарымен тұрақты байланыста болған. Ал Өзбекстанның Бас прокуратурасы санитариялық заңнама талаптарының бұзылуы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі барлық жас спортшының жағдайы жақсарғанын және олардың ауруханадан шығарылғанын растады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: