Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балуан Нұрым Сәлімгереев басшылық қызметке келді

03.11.2026, 15:40 58

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры лауазымына Сәлімгереев Нұрым Сәлімгерейұлы тағайындалды. Бұл туралы Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрым Сәлімгерейұлы еңбек жолын 2015 «Қазақстан «Спартак» дене тәрбиесі-спорт қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Арал филиалында нұсқаушы қызметінен бастаған.

2016-2017 жылдары Қызылорда спорт клубында нұсқаушы;

2017-2018 жылдары «Қазақстан «Спартак» дене тәрбиесі-спорт қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Арал филиалында нұсқаушы;

2018 жылы «Қайнар» спорт клубында нұсқаушы;

2018-2021 жылдары Арал спорт клубында жаттықтырушы;

2025 жылдан бастап Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт клубының әдіскері;

2025 жылдың 8 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Теннис спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: