Мен есірткіден бас тартуды қорқақтық емес, керісінше, батылдық пен өзін құрметтеудің белгісі деп санаймын. Себебі өз таңдауына жауап бере алатын адам ғана болашағын басқара алады. Бос уақытымызды спортқа, білімге, шығармашылыққа арнау арқылы өмірімізді пайдалы істермен толықтыра аламыз. Сонымен қатар есірткіге қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл іске ата-ана, ұстаз, қоғам және жастардың өзі белсенді атсалысуы қажет. Жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік желілерде пайдалы ақпарат тарату да маңызды.
Меніңше, есірткісіз қоғам құру үлкен ұрандардан емес, әр адамның күнделікті саналы әрекетінен басталады. Біз бір-бірімізге бейжай қарамай, жастар арасында дұрыс өмір салтын насихаттауымыз керек.
Мен болашағымды кездейсоқтыққа тапсырмаймын. Менің таңдауым – білім, спорт және есірткісіз өмір!
Ұлпан Раушанбекова,
№ 85 орта мектептің 9 «Б» сынып оқушысы
Қармақшы ауданы,
Төретам кенті,
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!