Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция марқұм туралы не белгілі болғанын хабарлады. Полиция марқұмның жеке басын анықтады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тәртіп сақшылары марқұмның 54 жастағы елорда тұрғыны екенін анықтады.
Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады, – деп хабарлады Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі BAQ.KZ редакциясының сауалына берген жауабында.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: astana.citypass.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!