Қызылорда облысында бір апта көлемінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Іс-шара барысында көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған 19 жүргізуші анықталды.
Масаң күйде көлік басқару – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтардың бірі.
Мұндай әрекет қайғылы жағдайларға әкеліп, орны толмас зардаптарға себеп болуы мүмкін.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік тізгініне масаң күйде отырмауға шақырады.
Есіңізде болсын! Рөлге масаң күйде отыру – өз өміріңізге ғана емес, өзгенің өміріне де қауіп төндіру. Жолда жауапкершілік танытыңыз!
Қызылордада 19 мас жүргізуші ұсталды
28.10.2026, 17:10 122
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!