Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түрмеге телефон өткізбек болған тұрғын ұсталды

27.10.2026, 17:30 67

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел тобы мен №60 мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері түзеу мекемесінің тыйым салынған аумағына белгісіз заттарды лақтырмақ болған қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұсталған азаматты тексеру барысында скотчпен оралған зат табылды. Оның ішінен үш телефон тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қаласының әкімшілік сотына жолданды.


Фото: Polisia.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: