Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – сан ғасырлық мемлекеттілігіміздің сабақтастығын, елдігіміз бен егемендігіміздің беріктігін айшықтайтын қастерлі мереке.
Биыл бұл мерекені ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында атап өтудеміз.
Бүгінде еліміз жаңғыру мен жасампаздықтың жаңа кезеңіне қадам басты. Мемлекет басшысы айқындаған Әділетті, Қауіпсіз, Озық әрі Таза Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Бұл мақсатқа жерлестерімізбен бірге ел бірлігін нығайтып, адал еңбек пен жоғары жауапкершілікті берік ұстану арқылы жетеміз.
Сыр өңірінде жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар да осы стратегиялық міндеттердің нақты көрінісі. Біздің басты мақсатымыз – аймақтың экономикалық әлеуетін арттырып, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және әрбір бастаманың игілігін елге жеткізу.
Алдағы уақытта да туған жеріміздің өркендеуі жолында жұмыла еңбек ете береміз.
Елдігіміз еңселі, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Әр шаңырақта қуаныш пен бақ-береке орнасын!
Республика күні құтты болсын!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!