Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Такси жүргізушісі әйел киімін киіп, зейнеткерді тонаған

23.10.2026, 10:01 57

Үндістанда әйел киімін киіп, зейнеткердің үйіне баса-көктеп кірген 35 жастағы такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.


Газета.ru басылымының жазуынша, зейнеткер үйінде жалғыз отырған кезде пышақ ұстаған ер адам кіріп келген. Ол әйелдің мойнындағы алтын алқаны жұлып алып, қашып кеткен.

Жәбірленуші болған жағдайды күйеуіне айтып, екеуі дереу полицияға жүгінген.

Зейнеткердің айтуынша, шабуыл жасаған адам жасыл түсті киім киіп, бетін матамен тұмшалап алған. Сондықтан ол өзін тонаған адамды әйел деп ойлаған.


Фото: pexels

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: