Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Димаш Құдайберген Индонезияда жеке концертін береді

14.10.2026, 17:55 61

HALYQLINE.KZ

Танымал әнші Димаш Құдайберген тыңдармандарына маңызды жаңалықты жеткізді – ол 12 желтоқсанда DIMENSIONS әлемдік турнесі аясында Индонезияда жеке концерт береді.

Әнші Sentul International Convention Center сахнасында өнер көрсетеді.

«Индонезия, жақын арада кездескенше», — деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.

Димаштың тыңдармандары бұл жаңалықты жылы қабылдап, оң пікірлерін жазды.

«Керемет жаңалық. Тағы біреулердің жолы болды», «Димаш, Индонезияда жеке концертіңізді өткізгіңіз келгені үшін көп рақмет», «Керемет, Димаш!», «Тамаша жаңалық! Индонезиялық тыңдармандары үшін қуаныштымын! Димаш пен оның командасына ең ізгі тілектерімді жолдаймын», — деп жазды желі қолданушылары.

Дереккөз: kaz.nur.kz

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: