23-24 қазан күндері Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ақмаржан» агромәдени фестивалі өтеді. 23 қазан күні сағат 11:00-де Қызылорда қаласындағы Құзыреттілік орталығында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен дала еңбеккерлерін ұлықтауға арналған салтанатты шара өтеді.
24 қазан күні Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың қатысуымен отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау, халықты сапалы әрі табиғи өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең көлемді жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңкенің өтетін орындары:
Қызылорда қаласы – «Қайсар Арена» стадионының автотұрағы (Сол жағалау).
Сырдария ауданы – «Тағзым алаңы» аумағы (Толыбеков және Д. Қонаев көшелерінің қиылысы).
Қармақшы ауданы – И. Жүрба көшесінің бойы (С. Романов және М. Саламатов көшелерінің аралығы).
Жалағаш ауданы – Ә. Қашаубаев және Жетікөл көшелерінің қиылысы (Титов қыстағы).
Арал ауданы – С. Торайғыров және Қорқыт ата көшелерінің қиылысы.
Қазалы ауданы – Ғ. Мұратбаев және Қ. Яссауи көшелерінің қиылысы («Шұғыла» мөлтек ауданы).
Жаңақорған ауданы – Астана даңғылының бойы (Е. Көшербаев пен А. Иманов көшелерінің аралығы).
Шиелі ауданы – Тасбөгет кентінің орталық алаңы.
Бұдан бөлек, 24 қазан күні қалалық ипподромда ат спортының айшықты дәстүрін дәріптейтін тағылымды шаралар өтеді. Сағат 10:00-де «Сыр саңлағы» ұлттық спорт ойындары, ал сағат 11:00-де жүйріктер сынға түсетін «Сыр маржаны бәйгесі» ұлттық ат жарысы ұйымдастырылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!