Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкімдік мәжілісінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды

13.10.2026, 17:50 58

Бүгін Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтіп, 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, бюджет қаражатының игерілуі және алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды.

Мәжілісте ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім қалыптасқаны атап өтіліп, жыл соңына дейін оң динамиканы сақтау қажеттігі айтылды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану және «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы жобалардың жүзеге асырылуын жандандыру жайы жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар бюджет қаражатын толық әрі сапалы игеру, инфрақұрылымдық жобаларды мерзімінде аяқтау, елді мекендердің электр желілерін жаңғырту, газдандыру, автомобиль жолдарын салу және әлеуметтік нысандар құрылысын қаржыландыру бағытындағы жұмыстарды күшейту мәселелері талқыланды.

Жиында әлеуметтік нысандарды қатты және сұйық отынмен қамтамасыз ету, көмір қорын жасақтау, жылыту жүйелерінің дайындығы және бірқатар нысандарды газға қосу мәселелері қаралды.

Бұл мәселелер бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Құдайберген, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова, аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері С.Артықбаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Молжігітов және аудандық аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Зияғаладин алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы хабарлама жасады.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жауапты сала басшыларына жылу беру маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етіп, туындауы мүмкін мәселелердің алдын алу жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

Сонымен қатар алдағы саяси маңызды оқиғалар мен ауқымды шараларды өз деңгейінде өткізуге байланысты жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктеді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: