Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада “Дала дәмі” жәрмеңкесі өтті

10.10.2026, 17:01 31

Отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау, халықты сапалы әрі табиғи өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында апта сайын «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.

Бүгін Тасбөгет кентінің орталық алаңында Шиелі ауданының жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Сауда орындарына 100 жүк көлігімен 170 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді.

Өнімдер қатарында 20 тонна күріш, 50 тонна картоп, 40 тоннадан қарбыз бен асқабақ, 20 тонна қауын және 40 тонна өзге де ауыл шаруашылығы, көкөніс, бақша өнімдері бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: