Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа типтік мал қорымдары салынуда

08.10.2026, 10:05 68

Биыл Қазалы ауданында елді мекендердегі ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мал өлекселерін белгіленген талаптарға сәйкес көмуге арналған арнайы типтік жобадағы мал қорымдарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Жалаңтөс батыр және Басықара ауылдарында салынып жатқан типтік жобадағы мал қорымдарының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда Қазалы ауданында 8 типтік жобада салынған мал қорымы тиісті кәсіпорындардың теңгеріміне берілген. Олар Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласын қоса алғанда, бірқатар ауылдық округтерде орналасқан. Сонымен қатар 2026-2027 жылдары ауданның 14 елді мекенінде жаңа типтік мал қорымдарын салу жоспарланған. Әр нысанның құрылыс құны 24,5 млн теңгені құрайды.

Бүгінде Әйтеке би кенті және 10 ауылдық округте құрылыс жұмыстары басталып, мал қорымдарының шұңқырларын қазу, бетондау және қоршау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Майдакөл, Алға, Өркендеу, Қызылқұм, Тасарық, Бозкөл, Аранды, Басықара, Майлыбас және Қарашеңгел ауылдық округтерінде жұмыстар атқарылуда. Ал Бірлік, Сарбұлақ және Ақжона ауылдық округтеріндегі мал қорымдарының құрылысы 2027 жылы басталады деп жоспарлануда.

Екі елді мекендегі нысандарды аралау барысында аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасы мен жобалық талаптарға сәйкестігіне назар аударды. Жауапты сала басшылары мен мердігерлерге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Алдағы уақытта жаңа мал қорымдарының іске қосылуы ауданның ветеринариялық қауіпсіздігін күшейтіп, елді мекендерде санитариялық талаптардың сақталуына мүмкіндік беретінін айтқан аудан басшысы, нысандардың санитариялық және ветеринариялық талаптарға толық сәйкес болуын қамтамасыз етуді ескертті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: