Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Талаптан ауылдық округ әкімі сайланды

06.10.2026, 18:00 65

Бүгін Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен өткен мәжілісте бірқатар кадрлық өзгерістер таныстырылды.

2026 жылғы 4 қазанда ҚР «Сайлау туралы» заңы негізінде өткен сайлау қорытындысымен Талаптан ауылдық округінің әкімі болып Тәжиев Хайдар Абдуллаханұлы сайланды.

Тәжиев Хайдар Абдуллаханұлы — 1986 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2004 жылы Қызылорда гуманитарлық заң колледжінде «қаржы және қаржы құқығы» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қызылорда гуманитарлық университетінің бакалавр академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2013 жылы «Қызылорда облысының Жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінде ерікті ретінде бастаған.

2017-2022 жылдары Талаптан ауылдық округі әкімі аппаратының салық жинауды есепке алу жөніндегі маманы қызметін атқарған.

2022 жылдан бастап Талаптан ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.

Отбасылы.

Аудан әкімі жаңадан сайланған ауыл әкімін құттықтап, ел игілігі жолында табысты қызмет атқарып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуына тілектестік білдірді.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: