Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуы фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды, деп хабарлайды ІІМ.
«ІІМ Әскери-тергеу бөлімшесі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында қызметке салғырт қарағаны үшін ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Соттың санкциясымен ол қамауға алынды», — деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Каспий теңізі жағалауы. Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!