Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азамат Хасенов Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болды

05.10.2026, 10:25 61

Азамат Бақытжанұлы Хасенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойды.

Азамат Хасенов бұған дейін де Мемлекеттік күзет қызметі жүйесінде еңбек еткен. Ашық деректерде 2022 жылы оның Мемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығы қызметін атқарғаны көрсетілген. Сол жылы ол II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. 

Енді ол Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметімен қатар Айрықша мақсаттағы күштерге қолбасшылық етеді.

Мемлекеттік күзет қызметі күзетілетін тұлғалар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнаулы мемлекеттік орган саналады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: