Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін – Ұстаздар күні

05.10.2026, 9:40 59

Қазақстанда 5 қазанда ең маңызды мерекелердің бірі – Мұғалім күні атап өтіледі, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл мереке бастапқыда жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтетін. 2023 жылы ел Үкіметі аталған мерекенің нақты күнін бекітті. 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елінде Дүниежүзілік мұғалімдер күні аталып өтеді. Осыған байланысты Қазақстанда да кәсіби мерекені осы күнге бекіту туралы шешім қабылданды.

Мұғалім мамандығы терең білімді, сабырлықты, жауапкершілікті және өз ісіне деген шынайы сүйіспеншілікті талап етеді. Педагогтер балаларға білім беріп қана қоймай, ойлануға, шешім іздеуге, дербес әрі жауапты болуға үйретеді. Көбіміз қиындықтарды еңсеріп, өз мақсатымызға жетуге қолдау көрсеткен ұстаздарымызды ризашылықпен еске аламыз.

Мұғалімдердің кәсібилігі, жігері мен адами қасиеттері қазақстандық жас ұрпақтың білім алуы мен тәрбиесінде маңызды рөл атқарады.


Фото:istockphoto.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: