Арал өңірінде ел игілігіне бағытталған игі істер жалғасын табуда.
Шілде айында Сексеуіл кентіндегі ескі вокзалдың орнына жаңа ғимарат салынып, пайдалануға берілді. Бұл – кенттің көркін келтіріп қана қоймай, тұрғындар мен жолаушыларға қолайлы жағдай қалыптастыратын маңызды нысан.
Ал жақында Арал қаласында жаңа вокзал ғимаратының лентасы қиылып, нысан ел игілігіне табысталды.
Заманауи талаптарға сай бой көтерген еңселі ғимарат – қала инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы нақты жұмыстардың нәтижесі. Жаңа вокзалдың сәулеті мен сапасы көпшіліктің көңілінен шығып, жолаушыларға жайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін нысан ретінде оң бағасын алуда.
Теміржол – ел мен елді, өңір мен өңірді байланыстыратын күретамырдың бірі. Сондықтан вокзалдың жаңаруы – жай ғана ғимараттың жаңаруы емес, бұл – жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасының артуы, қала келбетінің жақсаруы және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Ел игілігіне бағытталған мұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!