Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Теміржолсу — Қзыл — Орда» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды

01.10.2026, 11:05 71

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігі  Табиғи монополияларды реттеу  комитетінің  Қызылорда  облысы  бойынша  департаментімен «Теміржолсу-Қзыл-Орда» ЖШС  «Табиғи  монополиялар  туралы»  Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасында  көзделген міндеттерін  орындамағаны  үшін,  әкімшілік  жауапкершілікке  тартылды.

Департаментпен  табиғи  монополия  субъектісіне 2024  жылға  бекітілген тарифтік  сметаның  орындамағаны  үшін,  Қазақстан  Республикасы  «Әкімшілік  құқықбұзушылық  туралы»  Кодексінің  164-бабының 4-тармағына  сәйкес  4 152 000  теңге айыппұл  салынды.

Табиғи  монополия субъектісі  Департамент  қаулысымен  келіспей, Қызылорда қаласының  әкімшілік  құқық бұзушылықтар  жөніндегі  мамандандырылған  сотына шағыммен  жүгініп,  соттың  қаулысымен  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы»  Қазақстан Республикасы  кодексінің  829-11-бабының 2-бөлігі  негізінде «Теміржолсу-Қзыл-Орда» ЖШС-не  қатысты  Департаментпен  салынған айыппұл мөлшері  30%-ға  қысқартылып, барлығы 2 906 400 теңге  көлемінде  әкімшілік айыппұл  салынды.

Бүгінгі таңда, айыппұл төленіп, мемлекеттік бюджет кірісіне аударылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: