Құрылтай Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды екі оқылымда қабылдады. Бұл туралы Құрылтайдың ресми Telegram арнасы хабарлады.
2024 жылғы 29 қазанда Дохада жасалған келісім ұйымдасқан қылмысқа, терроризм мен экстремизмге, есірткінің заңсыз айналымына, заңсыз көші-қонға және адам саудасына қарсы күресті қамтиды. Құжат ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды да реттейді.
Екі елдің құзыретті органдары сұрау салулар негізінде жұмыс істейді. Тараптар қылмыстық іс қозғалғанға дейін жедел ақпарат алмасып, іздеудегі адамдар туралы деректерді салыстырып тексере алады.
Келісім аясында бірлескен оқу-жаттығулар өткізу, технологиялар алмасу, киберқылмыс пен ақшаны жылыстатуға қарсы күрес мамандарының біліктілігін арттыру көзделген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!