28 қыркүйекте Алматы облысының аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері Нарынкөл мен Кеген ауылдарында сезілген.
«Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі сағат 13:53-те болған. Оның ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде орналасқан.
Нарынкөл ауылында жер сілкінісінің есептік қарқындылығы 2–3 балл, Кеген ауылында 2 балл болды.
Қираған нысандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!