Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Каспийден жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

25.09.2026, 10:35 66

Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды. Іздестіру жұмыстары түні бойы жалғасып, олардың денелері таңертең анықталған.

Осыған дейінгі нақтыланған мәлімет бойынша, оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, 17 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Оның үшеуі құтқарылып, 12 әскери қызметшінің қаза тапқаны ресми хабарланған еді. Тағы екі адамды іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. 

Жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылғаннан кейін қаза тапқандар саны 14-ке жетті.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Ақтаудан шамамен 43 шақырым жердегі Каспий жағалауында өткен Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болды.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия оқиға орнына барып, іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестірген. 

25 қыркүйек Қазақстанда қаза болған әскери қызметшілерді еске алуға арналған жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: