Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пробация қызметінің инспекторлары құқықтық көмек көрсетті

23.07.2020, 10:10 421

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторлары пробация есебінде тұрғандарға құқықтық көмектер көрсетіп, әртүрлі жағдайларға байланысты кеңес беріп отырады.

Нақтырақ айтар болсақ, шілде айында Қазалы аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарға әлеуметтік төлемді алуға көмектесті. Бұл көмек барысында, есептегі сотталғандарға 42500 теңге мөлшеріндегі төлемақыны алуға өтінім беру жолдарын түсіндірді. Осының нәтижесінде бүгінгі таңда есепте тұрған 4 азаматқа мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қаражат бөлінді.

Еңбек министрлігі шілде айында азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін ақша төлеуді көздейтін бұйрық әзірлеп, қабылдаған болатын. Азық-түлікке төленетін ақшаны 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтар алады делінген. Пробация қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі 3 есептегі азаматқа көмек көрсетіп, әлеуметтік төлем алуға жәрдемдесті. Олар екінші, үшінші топ мүгедектері. Есептегі ІІ топтағы екі азамат, ІІІ топтағы бір азамат азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтары үшін 5556 теңге мөлшерінде қаражат алатын болды. Көрсетілген қаражат сотталғаннның жеке банк картасына жіберіледі екен.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: