Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына этномәдени бірлестіктердің 42 өкілі кірді. Олар Кеңес мүшелерінің үштен бірін құрайды.
Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының бес өкілі ғана парламенттік квота арқылы Сенатқа өтетін. Жаңа құрылымда этномәдени ұйымдардың қатысу аясы кеңейтілді.
Президент Халық Кеңесі бірлік пен келісімнің жаңа тұжырымдамасы әзірленетін орталыққа айнала алатынын айтты. Өңірлердегі Достық үйлері жанынан құрылған «Қоғамдық келісім» желісі де жұмысын жалғастырады.
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері жергілікті қоғамдық кеңестерге, тұрақты комитеттер мен салалық комиссияларға қатыса алады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!