Қазақстанда қағаз жүзінде тіркеліп, нақты жұмыс жүргізбейтін қоғамдық ұйымдардың қызметі тексерілмек. Бұл туралы Президент Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, кейбір республикалық бірлестіктер азаматтардың мүддесін қорғаудың орнына жеке мақсат үшін құрылған. Мұндай әрекеттердің арасында алаяқтық белгілері бар жағдайлар да кездескен.
— Мұндай фактілер құқық қорғау органдарының назарына жолданады. Тек мемлекеттік тапсырысты игеру мақсатында құрылған «қызмет көрсету» ұйымдарының жұмысына тосқауыл қою қажет, — деді Мемлекет басшысы.
Президент қоғамдық секторда кәсіби ортада мойындалған көшбасшылар мен отаншыл азаматтардың белсенді болғаны маңызды екенін атап өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!