Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәжілістен әкімдікке: Мақсат Толықбай жаңа қызметке келді

22.09.2026, 10:40 174

Мәжілістің бұрынғы депутаты, журналист Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Диас Нұрақын хабарлады. 

Оның айтуынша, экс-депутат енді Алматы облысын дамытуға қатысты жұмыстарға атсалысады. Мақсат Толықбай депутат болып жүрген кезінде де өңірдегі бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселені көтерген. 

— Бұрын микрофон құшақтап, телеарнада талай жыл әріптес болып едік. Енді әкімдіктің отымен кіріп, күлімен шығамыз. Мақсат Мәлікұлына сәттілік! Алматы облысындағы қызметі абыройлы болсын! — деп жазды Диас Нұрақын. 

Мақсат Толықбай 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген, кейін әлеуметтану ғылымдарының магистрі дәрежесін алып, заңгер мамандығы бойынша да білім алған. 

Ол ұзақ жыл тележурналистика саласында еңбек етіп, Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы «Ashyq alań» бағдарламасын жүргізді. 2023–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамында жұмыс істеді. Оның депутаттық өкілеттігі 2026 жылғы 1 шілдеде аяқталған. 

Енді Мақсат Толықбай жұмысын Алматы облысы әкімінің кеңесшісі ретінде жалғастырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: