Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемеде мәжбүрлеп емдеу тағайындалған сотталғандарға медициналық және психологиялық көмек көрсету жұмыстарын жүйелеу жоспарланып отыр.
Негізгі назар алкоголизм, нашақорлық, сондай-ақ психикалық және мінез-құлық бұзылыстарына байланысты сот шешімімен мәжбүрлеп ем қабылдайтын азаматтарға аударылады. Олардың денсаулық жағдайын тұрақты бақылау, уақытылы медициналық тексеруден өткізу және емдеу шараларының орындалуын қадағалау көзделген.
Осы бағытта Қызылорда қаласындағы №6 емхананың терапевт мамандарымен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленбек. Жұмысқа мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры М. Тұрымбетов, тәрбие бөлімінің бастығы А. Батырбеков және психолог А. Мырзалы қатысады.
Жоспар аясында сотталғандардың психологиялық жай-күйін бағалау, психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының алдын алу, алкогольдік және есірткілік тәуелділіктің қайта туындау қаупін азайтуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізу қарастырылған.
Қажет болған жағдайда сотталғандар мамандандырылған медициналық ұйымдарға жіберіліп, дәрігер ұсынымдарының орындалуы мен емдеу нәтижесі бақылауда болады. Мекеме бұл арқылы медициналық көмектің үздіксіздігін қамтамасыз етіп, емдеу-алдын алу жұмыстарының сапасын арттыруды көздеп отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!