Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Отанды қорғау – азаматтық борыш

18.09.2026, 16:00 33

HALYQLINE.KZ

Шиелі кентіндегі «Тағзым» алаңында күзгі әскерге шақырылым аясында азаматтарды мерзімді әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға Отан алдындағы азаматтық борышын өтеудің маңызын түсіндіру, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру және әскери қызметтің мәртебесін арттыру.

Жиында Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев сөз сөйлеп, Отан қорғау – әр азаматтың абыройлы әрі қасиетті борышы екенін атап өтті. Сондай-ақ әскери қызметке аттанғалы отырған жастарға сәттілік тілеп, ел алдындағы міндеттерін абыроймен атқаруға шақырды.

Шиелі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Береке Усайынұлы болашақ сарбаздарға әскери тәртіпті қатаң сақтап, Отан алдындағы міндеттерін жоғары жауапкершілікпен орындаудың маңыздылығын жеткізді.

Ұлттық дәстүрімізге сай аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Болат Күлімбетов жас сарбаздарға ақ батасын беріп, елге аман-есен оралуларына тілектестік білдірді.

Сонымен қатар, мерзімді әскери қызметке аттанушы Нұрасыл Маратұлының әкесі Марат Әбдірахманұлы ата-аналар атынан ақжолтай тілегін жеткізіп, жас сарбаздарға сәтті сапар тіледі.

Салтанатты іс-шара барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтің атынан әскери қызметке аттанушы жастарға сый-сияпаттар табысталды.

Биыл ауданнан көктемгі әскерге шақырылым кезінде 79 азамат мерзімді әскери қызметке аттанған. Ал күзгі шақырылым бойынша 110-ға жуық азаматты әскери қызметке жөнелту жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: