Эльвира Азимова Конституциялық соттың төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.
Эльвира Азимова 1973 жылғы 15 ақпанда дүниеге келген. Халықаралық құқық мамандығы бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын Шымкент қаласындағы ішкі істер органында бастаған.
Ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде түрлі лауазымда қызмет атқарып, халықаралық құқықтық қамтамасыз ету мәселелерімен айналысқан. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Конституциялық Соттың Төрағасы қызметін атқарып келеді.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!