Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыл басынан Қызылорда облысында интернет-алаяқтық қылмысының 400 дерегі тіркелген

17.09.2026, 15:10 54

HALYQLINE.KZ

Заман дамыған сайын интернет зардабы да күшейіп келеді. Интернет-алаяқтықтың тұзағына бүгінде мыңдаған адам түсті. Десек те өңірде алаяқтарға алданатын азаматтар саны есепті кезеңмен салыстырғанда азайған. 2026 жылдың 8 айында Қызылорда облысы көлемінде интернет-алаяқтық қылмыстарының 400 дерегі тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында белгілі болды.

Осы тұрғыда Қызылорда облысының полиция департаменті Киберпол басқарма бастығының орынбасары Тимур Хамитов интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында, сақтық шараларын сақтауға шақырады.

«Қазіргі кезде болып жатқан алаяқтық қылмыстарының 70%-ы СМС кодтан басталады. Яғни, Сіз күдіктеніп қалмауыңыз үшіналаяқтар алдын ала SMS код жолдап, артынша Сізге қоңырау шалады. Көбінде интернет алаяқтар қоңырау шалғанда орыс тілінде сөйлейді, қазақ тілінде жауап , олар сізді түсінбейді, яғни ары қарай сөйлесуді жалғастырмай, байланысты үзген жөн. Бұл алаяқтардың құрығына түспеудің ең басты шарты десек те болады», — деді Тимур Хамитов.

Тұрғындар қазірге дейін алаяқтардың СМС кодпен қорқыту, инвестиция арқылы ақша көбейту, ватсап желісі арқылы таныстарынан қаражат сұрау және жалған тауарлар мен қызметтер үшін алдын ала қаражат аудару секілді алдау тәсілдеріне сеніп, «қауіпсіз есепшот» деп сендірген дроперлердің есепшоттарына қаражат аударуда. Осы мәселелер бойынша құзырлы органдар тұрғындарға сақ болуды және алаяқтардың схемасынан абай болу керек екенін ескертеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: