Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

№68 мекемеде суицидтің алдын алуға арналған іс-шара өтті

14.09.2026, 10:40 57

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемеде сотталған азаматтарға арналған психологиялық іс-шара ұйымдастырылды.

Шараны мекеменің АКАӘПТЖББ психологы, әділет майоры А. Мырзалы өткізді. Кездесу «Суицидке жол жоқ» және «Арт-терапия» тақырыптарына арналды.

Іс-шара барысында қатысушыларға өмірдің құндылығы, қиын жағдайларда психологиялық қолдау алудың маңызы және эмоционалдық күйді басқару жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетілді.

Практикалық бөлімде сотталған азаматтар арт-терапия әдістерін орындады. Олар өз ойы мен көңіл күйін сурет арқылы бейнелеп, шығармашылық тапсырмаларға қатысты.

Мамандардың айтуынша, мұндай жұмыстар адамның ішкі сезімін еркін жеткізуіне, эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға және жағымды көңіл күй қалыптастыруға көмектеседі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: