Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды

11.09.2026, 15:05 54

HALYQLINE.KZ

Шиелі ауданындағы «Гежуба Шиелі Цемент» компаниясының ғимаратында аудан аумағындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысына арналған ауқымды кездесу өтті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Нұрболат Дүйсенбаев, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық басқармалар мен департаменттер басшыларының орынбасарлары, ірі кәсіпорын жетекшілері және «Гежуба Шиелі Цемент» зауытының ұжымы қатысты.

Кездесу барысында инвестициялық жобалардың заң талаптарына сай жүзеге асырылуы, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді жедел шешу және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелері талқыланды.

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес инвестиция тарту, жаңа өндірістер ашу, жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыру ауданның негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан аумағында жер қойнауын игеру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және жер қыртысына келтірілетін зиянның алдын алу мәселелеріне арналған арнайы мәжіліс өтті.

— Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – облыс әкімдігі мен прокуратура органдарының ортақ міндеттерінің бірі. Осы бағытта облыс әкімдігі мен облыс прокуратурасы арасында өзара іс-қимыл жолға қойылып, кәсіпкерлердің өтініштерімен проблемалық мәселелерін бірлесіп қарау, заңсыз әкімшілік кедергілердің алдын алу және мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске көрсетілетін қысымды төмендету бойынша жұмыстар атқарылуда, — деді Нұрболат Дүйсенбаев.

Жиында аталған бағыттар бойынша заң талаптарын сақтау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жан-жақты қаралып, жауапты мекемелерге тиісті міндеттер жүктелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: