Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алматы облысының әкімі тағайындалды

04.09.2026, 10:10 71

HALYQLINE.KZ

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Шыңғыс Әрінов 1983 жылы 29 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын, сондай-ақ Азаматтық авиация академиясын бітірген.

2006-2022 жылдары Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларында әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2022 жылы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзеті қызметінің бастығы болды.

Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры.

2024 жылғы ақпаннан 2026 жылғы тамызға дейін Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарды.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: