Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды

31.08.2026, 14:05 71

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Аида Балаева бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарды. Ол 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. Әлеуметтік ғылымдар кандидаты. 

Еңбек жолын 1999 жылы Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бастаған. Кейін Алматы қаласының ақпарат және ішкі саясат саласында түрлі қызмет атқарып, 2006–2008 жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментін басқарды. 2008–2010 жылдары Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы, 2010–2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары болды. 

2014–2019 жылдары Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімін басқарды. 2019–2020 жылдары Президенттің көмекшісі, 2020–2022 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарды. 2022 жылы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалып, 2023 жылғы қыркүйектен Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарды. Кейін Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарды. 

Аида Балаева «Құрмет» орденімен марапатталған. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: