Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы Бектенов пен Қариннің жаңа кандидатурасын ұсынды

31.08.2026, 10:50 77

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновтің кандидатурасын Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, ал Ерлан Қариннің кандидатурасын Вице-президент лауазымына ұсынды.

Бұл мәселе бүгін, 31 тамызда Құрылтай депутаттарының отырысында қаралып жатыр. Таңертең депутаттар Премьер-министр мен Вице-президент лауазымдарына ұсынылған кандидатураларды келісу үшін жиналған. Ерлан Қариннің кандидатурасын Мемлекет басшысы ұсынғаны қазірдің өзінде жарияланды. 

Жаңа Конституцияға сәйкес, Вице-президентті Президент Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен берген келісімінен кейін тағайындайды. Премьер-министрдің кандидатурасын да Мемлекет басшысы Құрылтайдағы саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін депутаттардың қарауына енгізіп, Құрылтай келісім берген соң қызметке тағайындайды. 

Бұған дейін, 28 тамызда бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай құрылымы толық жасақталғаннан кейін депутаттардың қарауына Вице-президент пен Премьер-министр кандидатураларын енгізетінін мәлімдеген еді. 

Олжас Бектенов басқарған Үкімет 28 тамызда жаңадан сайланған Құрылтай алдында өкілеттігін тоқтатты. Алайда жаңа Үкімет құрамы бекітілгенге дейін бұрынғы құрам өз міндетін атқаруды жалғастырып келеді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: