Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақын өтті өмірден…

24.08.2026, 8:25 46

HALYQLINE.KZ

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Елубай Әуезов 59 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Елубай Жұманұлы Әуезов 1967 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылында дүниеге келген. Қызылордадағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының түлегі. Алғашында өзі туып-өскен Бесарық ауылындағы №147 мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген. Облыстағы қос телеарнада он жылға жуық еңбек еткен. Облыстық «Сыр бойы» газетіне бөлім меңгерушісі, облыстық «Ел тілегі» газетіне бас редактор. «ҚазАқпарат» Халықаралық Ақпараттық агенттігінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған.

«Жыр тұғырым – тәуелсіздік», «Бесарық бастауы», «Сүйген жүрек», «Сырдың сырлы сандығы» тағы басқа да ұжымдық жыр жинақтарына өлеңдері енген. «Мен таныған тылсым», «Түпсана жаңғырығы» және т.б жыр жинақтарының авторы.

«Халық» газеті мен halyqline.kz ақпарат агенттігі редакциясының ұжымы марқұмның отбасы, туған-туысқандары мен жақындарына, барша қаламгерге қайғырып көңіл айтады.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: