Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылтай сайлауына дауыс беру кей учаскеде басталып кетті

23.08.2026, 6:10 53

Бүгін – Құрылтай сайлауы! Науқан кезінде Қызылорда өңірінде 386 учаске жұмыс жасайды.
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелер мен әскери бөлімшелердегі 6 учаскеде дауыс беру таңғы 6.00-де басталды. Оның 5-і кен орны, 1-і әскери бөлім.

Бұл учаскелерде 4627 азамат дауыс беруге құқылы. Науқанда «Құмкөл» кенішіндегі ауысыммен еңбек етіп жатқан азаматтар таңмен таласа келісіп, өз дауыстарын берді.

Ауысыммен жұмыс істейтін мұнайшылар бір мезетте өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін таныта білді. Маңызды науқанда учаскелерде 2720 комиссия мүшесі қызмет атқарады. Тұрғындар кешкі 20.00-ге дейін өз аумағындағы учаскелерге келіп дауыс бере алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: