Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Вокзал ғимаратының құрылыс жұмыстарын көрді

22.08.2026, 23:15 39

 HALYQLINE.KZ

Арал қаласында жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңа вокзал ғимаратының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгін Арал ауданы әкімі Аманжол Оңғарбаев нысанға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Қазіргі уақытта вокзал ғимаратының негізгі құрылысы аяқталып, қабырғалары толық қаланып, шатыры жабылды. Бүгінде нысанның ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, еден тегістеу, кафельдеу және сырлау-ағарту жұмыстары атқарылуда. Құрылыс алаңында 20-дай жұмысшы еңбек етуде.

Сонымен қатар жолаушылар перонын қайта жаңғырту және вокзал аумағын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл бағыттағы жұмыстарға да жұмысшылар мен бірнеше арнайы техника жұмылдырылған.

Аудан әкімі мұндағы жұмыстарға куә болып, жұмысты жоспарға сәйкес сапалы әрі мерзімді аяқтау жөнінде жауаптыларға бірқатар тапсырма жүктеді.

Нысан алдағы айларда пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: