Ұлттық статистика бюросы Құрылтай сайлауы қарсаңында қызықты деректерді жариялады. Қазақстанда Құрылтай есімді қанша адам бар екені белгілі болды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Құрылтай есімі және оның нұсқалары бүгінде Қазақстанда өте сирек кездеседі.
2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша «Құрылтай», «Курылтай», «Курултай» және «Курлтай» есімдерімен 10 азамат тіркелген. Олардың алтауы – ер адам, төртеуі – әйел.
Құрылтай есімі және оның нұсқаларын иеленген азаматтардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген – төрт адам. Алматы қаласында екі адам тұрады. Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір адамнан тіркелген.
10 адамның бесеуі 65 жастан асқан. Олардың ішіндегі ең үлкені – 80 жаста. Қалған төрт адам 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығындағы топтарға жатады.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!