Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сайлау кезінде журналистер мен блогерлер кімдерді рұқсатсыз түсіре алады?

18.08.2026, 9:40 61

Құрылтай сайлауы қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистер мен блогерлердің фото және бейнетүсірілім жүргізу құқығын түсіндірді.

«Масс-медиа туралы» заңға сәйкес, журналистер кәсіби жұмыс кезінде фото, аудио және бейнежазба жасап, жиналған ақпаратты тарата алады. Мұндай құқық блогерлерге де берілген.

Адамның келісімінсіз түсірілім жүргізуге үш жағдайда рұқсат етіледі. Біріншісі, азамат көпшілік, мәдени, спорттық іс-шараға немесе бейбіт жиынға қатысса. Екіншісі, түсірілім оның қызметтік не қоғамдық жұмысына қатысты болса немесе адам суретін ашық дереккөзге өзі жарияласа. Үшіншісі, бейнені пайдалану қоғамдық тәртіпті қорғау үшін қажет болған жағдайда.

Аида Балаева кейінгі кезде журналистердің, блогерлер мен бірқатар ақпарат құралдарының әлеуметтік желідегі парақшалары бұғатталып жатқаны туралы ақпаратқа да тоқталды. Министрлік әлеуметтік желі қолданушыларының аккаунттарын бұғаттамайтынын және сөз бостандығын шектеуге мүдделі болмайтынын мәлімдеді.

Сонымен бірге медиа өкілдері мен блогерлер тарататын ақпараттың анықтығын тексеріп, масс-медиа, онлайн-платформалар және сайлау туралы заң талаптарын сақтауға тиіс. Министр әлеуметтік желі әкімшіліктерін заңсыз контент пен заң аясында айтылған пікірдің ара-жігін дұрыс ажыратуға шақырды.

Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: