Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Сотталғандар 50 мың дана бетперде тікті

20.07.2020, 15:10 631

HALYQLINE.KZ Еліміздегі коронавирустық инфекцияның белең алуына байланысты, Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесіндегі сотталғандар да өз үлестерін қосып, бетперде тігіп жатыр. Бұл бетперделерді ЗК-169/5 мекемесінің аумағындағы РМК «Еңбек- Қызылорда» филиалының тігін цехында арнайы кәсіби білімі бар сотталғандар тігуде. Қазіргі таңда 45-ке жуық сотталған адамдар екі ауысымда бетперде тігіп жатыр. Наурыз айынан бері 50 мыңға жуық көпреттік бетперде тігілді.

Әр сотталушы әуел баста 5-10 маска шығарса, қазір күніне 50-60 бетперде әзірлейді. Ал тәулігіне 2 мың дана тігіледі. Тігіліп жатқан бетперделер облыстағы мекемелердің тапсырысы негізінде дайындалып жатыр. Мұнан бөлек жазасын өтеп жатқандардың да қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, қорғаныс заттар таратылып тұрады.

ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Асқар есімді азамат тігінші мамандығын оқып, дипломын алған. Бүгінде, мекеменің өндірістік аумағындағы «Тігін цехында» жұмыс істейді. Асқар да маска тігудің шеберіне айналды.

«Осындай қиын уақытта «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, халқыма қолымен келген көмегімді аянып жатқаным жоқ. Бір масқаны тігу үшін небәрі 5-10 минут уақыт кетеді. Күніне 50 дана бетперде тігемін. Айлық жалақымызды уақытылы алып отырмыз. Елім, осы індетті жеңіп, мен де отбасыма аман есен оралсам деймін», – деді сотталған азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: