Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа көпір құрылысы аяқталуға жақын

07.08.2026, 11:35 81

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласындағы «Бәйтерек» тұрғын ауданына қатынасты жақсарту мақсатында «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы ұзындығы 56 метрді құрайтын көпірдің құрылысын мердігер мекеме «Асанас Дар» ЖШС жүзеге асыруда.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталды.

Жаңа көпір тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынасын қамтамасыз етіп, «Бәйтерек» тұрғын ауданының көлік инфрақұрылымын жақсартуға серпін бермек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: