Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қырғызстанда үш баланы сатып алған қазақстандық әйел 12 жылға сотталды

05.08.2026, 10:00 57

Қырғызстанда бала саудасына қатысты қылмыстық іс бойынша Қазақстан азаматы 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды halyqline.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің дерегінше, іс 2024 жылдың қыркүйегінде қозғалған. Тергеу кезінде Қазақстан азаматы А.А. мен Қырғызстан азаматы С.С. ұсталып, тергеу изоляторына қамалған.

Тергеу мәліметінде қазақстандық әйелдің Израиль азаматы А.Б.-мен алдын ала сөз байласып, Қырғызстан азаматынан ақшалай және өзге де сыйақыға үш кәмелетке толмаған баланы сатып алғаны айтылады. Балаларға қатысты әдепсіз әрекеттер жасалып, жалаңаш күйіндегі фотосуреттері мессенджерлер арқылы Қырғызстаннан тыс жерде тұратын үшінші тұлғаларға жіберілген.

Тергеу барысында қылмыстық топтың тағы екі балаға толық қамқоршылық рәсімдегені анықталды. Құзырлы органның мәліметінше, оларға қатысты да осыған ұқсас әрекеттер жасалған.

Іс Бішкектің Бірінші май аудандық сотына жолданып, 2026 жылғы 12 наурызда үкім шықты. Қазақстан азаматы 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Қырғызстан азаматы 11 жылға сотталып, мүлкі тәркіленді.

Қырғызстан ҰҚМК аталған қылмысқа қатысы бар өзге адамдарды анықтау және ұстау бағытындағы тергеу шаралары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: