Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әскери прокурор тағайындалды

04.08.2026, 15:15 59

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылорда облысы әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Бас әскери прокуратураның Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры лауазымына тағайындалған Снопов Роман Федорович таныстырылды, деп жазады баспасөз қызметі.

Жаңадан тағайындалған басшыға нақты тапсырмалар жүктелді.

«Роман Федорович өзіне жүктелген жауапты қызметті абыроймен атқарып, аймағымызда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жолында нәтижелі еңбек етеді деп сенеміз. Жаңадан тағайындалған әріптестерімізге табыс тілейміз», — деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Роман Федорович 1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетінде білім алған.

Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде бастап, кейін Қызылорда әскери прокуратурасында түрлі жауапты қызметтер атқарған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: