Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Лайк пен донат қуған 20-дан астам стример жауапқа тартылды

04.08.2026, 10:00 55

Қазақстанда интернет пен әлеуметтік желілер арқылы құқыққа қайшы контент таратқан 20-дан астам стример жауапқа тартылды, деп хабарлайды halyqline.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, кей стримерлер көп қаралым, лайк пен донат жинау үшін тікелей эфирде балағат сөз айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен. Қауіпті пранктер ұйымдастырып, өзге азаматтарды қорлағандар да бар. Мұндай бейнелердің балаларға еркін таралуы полицияның алаңдаушылығын туғызып отыр.

Шымкент қаласының 48 жастағы тұрғыны Ербол Дүйсенбаев TikTok желісіндегі тікелей эфирде бейәдеп сөздер қолданғаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Талдықорғанның 44 жастағы тұрғыны Гүлмира Қасенова тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөз айтқан. Бұған дейін де осындай әрекеті үшін жауапқа тартылған тұрғынға әкімшілік айыппұл салынды.

Павлодар қаласының 26 жастағы тұрғыны Аслан Амантаев көлік жүргізіп келе жатып тікелей эфирге шыққан. Қауіпсіздік белдігін тақпаған әрі бейәдеп сөздер қолданған стримерді сот 20 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Түркістан қаласында «bayan_kyz», «fatima.sh0000» және «fatima_s003» аккаунттарымен танылған Баян Шанкеева да тікелей эфирде балағат сөз айтып, агрессивті әрекет көрсеткені үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Оған айыппұл салынған.

ІІМ заң талаптары көшеде де, интернет кеңістігінде де бәріне ортақ екенін ескертті. Құқыққа қайшы контентті анықтау және оны таратқан азаматтарды жауапқа тарту жұмыстары жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: